«Барселона» – Испания чемпионы - на sport.bugin.kz
Бақдәулет Анарбай - на sport.bugin.kz Бақдәулет Анарбай

Каталондық ұжым Испан Премьерасында 26 рет топ жарды

Ла Лиганың 35-туры аясында "Барселона" өз алаңында "Левантені" қабылдап, минимальді есеппен жеңіске жетті. 

"Камп Ноуда" өткен кездесудің жалғыз голы 62-ші минутта салынды. Оның авторы екінші таймда алаңға шыққан – Лионель Месси.

Осылайша "Барселона" 83 ұпаймен чемпиондық атаққа мерзімінен бұрын қол жеткізді. Бұл көк-анарлардың Премьерадағы 26-шы жеңісі болып саналады.

0 Пікір Кіру