«ПСЖ» клубын сан соқтырды - на sport.bugin.kz
Бақдәулет Анарбай - на sport.bugin.kz Бақдәулет Анарбай

«Ренн» футбол клубы париждік ұжымды пенальти сериясында жеңіп, Франция Кубогын иемденді

"Стад де Франс" стадионында өткен ойынның 13 минутында Дани Алвес есеп ашты. Алғашқы таймның ортасында жарақатынан оралған Неймар есепті еселей түсті. Әйткенмен, 40 минуттағы Кимпембенің автоголынан соң, "Ренндіктер" тағы бір гол соғып, таразы басын теңестірді.

118 минутта Килиан Мбаппе дөрекі ойнағаны үшін алаңнан қуылады. Қосымша таймда да есепке өзгеріс енбегендіктен ойын пеналтьти сериясына ұласады. Нәтижесінде 6:5 есебімен "Ренн" футбол клубы басым түсті. Бұл аталған клубтың Франция Кубогында үшінші мәрте топ жаруы. Бұған дейін қызыл-қаралар аталған турнирде алыс 1965 және 1971 жылдары жеңіске жеткен.

0 Пікір Кіру