Роналду: Мен мың пайызға «Ювентуста» қаламын - на sport.bugin.kz
Мирас - на sport.bugin.kz Мирас

Ешқайда кетпейтін болған тәрізді

«Ювентустың» португалдық шабуылшысы Криштиану Роналду Италия біріншілігің титулы туралы пікір айтып, өзінің ешқайда кетпейтінін мәлімдеді.

«Бұл жақсы жыл, бейімделу жылы болды. Біз Италия Суперкубогы мен скудеттоны жеңіп алдық. Бақыт пен қуанышты сезініп тұрмын. Жеңіске жету оңай болмады.

Чемпиондар лигасынан да жарысты тоқтатқаннан кейін ызаландым ба? Әрқашан жеңу мүмкін емес. Біз қолымыздан келгенін жасадық, бірақ тек бір команда ол жүлденіі жеңе алады. Мен командаға көмектесу үшін бар күшімді салдым. Келесі жылы да солай істеймін. Командадағы көңіл күй жақсы, біз екі маңызды жүлдеге ие болдық.

Мен біріншілік пен Суперкубоктағы жеңістерге қуаныштымын. Біз Чемпиондар лигасында да жақсы келе жаттық, келесі жылы бұдан да жақсы болады. Мен  «Ювентуста» қаламын ба? Иә, мың пайызға қаламын», деген Роналдудың сөзін DAZN келтіреді.


0 Пікір Кіру