Қазақстан құрамасы Словенияны әрең жеңді - на sport.bugin.kz
Мирас - на sport.bugin.kz Мирас

Ұлттық құраманың Әлем біріншілігіндегі алғашқы жеңісі

29 сәуір күні басталған шайбалы хоккейден І дивизиондағы командалар арасындағы Әлем біріншілігінің алғашқы ойындары болып өтті. Қазақстан құрамасы өзінің алғашқы ойынында Словения құрамасын 3:2 есебімен жеңді.

Ойынның бірінші кезеңінен кейін біздің хоккейшілер қарсыластар қақпасынан жауапсыз үш шайба кіргізді. Алайда, екінші кезеңде Словения ойыншылары біздің қақпамызға екі шайба салып, есеп айырмасын қысқартты. Үшінші кезеңде жанкүйерлер соғылған шайбаларды көрмей, есеп сол күйі қалды.

І дивизион командалары арасындағы Әлем біріншілігі 29 сәуір мен 5 мамыр аралығында еліміздің астанасы – Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. 

Қазақстан құрамасы келесі ойынын 1 мамыр күні Литваға қарсы өткізеді.

0 Пікір Кіру