Суарес бұрынғы командасына гол соқты - на sport.bugin.kz
Жәнібек Сұлтан - на sport.bugin.kz Жәнібек Сұлтан

"Барселонаның" бабы мен бағы қатар шауып тұр

Кеше Чемпиондар лигасының кезекті ойындары өтті. Каталондық «Барселона» «Камп Ноуда» өзінің азулы қарсыластарының бірі «Ливерпульді» қабылдап, жауапсыз үш гол соғып, есепте басым түсті.

А.Беккер күзеткен «Ливерпуль» қақпасына алғашқы голды ағылшындық команда да 2014 жылға дейін өнер көрсеткен уругвайлық шабуылшы Л.Суарес салды. Гол ойынның 26 минуттында соғылған болатын. Ал қалған екі голды ойынның 75 және 82 минуттарында «Барселонаның» бүгінгі аңызына айналған ойыншы Лионель Месси соқты.

Жалпы жанкүйерлер Ю.Клопп шәкірттерін дәл осындай есеппен ұтылады деп күткен жоқ. Себебі, ағылшындық команда 2014 жылдан бері Чемпиондар лигасында мұндай ірі есеппен ұтылмаған. «Салах салғырттық танытты ма, әлде Маненің ойынынан мән кетті ме?» ол жағын білмедік. Бір білеріміз – финалдық ойынның жолдамасы 8 мамырда Энфилд стадионында шешілетін болады.

0 Пікір Кіру