Месси – Роналду – 600:600 - на sport.bugin.kz
Мирас - на sport.bugin.kz Мирас

Мессидің тағы бір жеке рекорды

Чемпиондар лигасының жартылай финалындағы "Ливерпульға" қарсы ойында дубль жасаған Лионель Месси өзінің клубтық карьерасындағы 600 голын салды. Ол бұл көрсеткіш бойынша "Ювентус" сұрмергені Криштиану Роналдуды қуып жетті.

600 голды салу үшін Месси 683 ойынға қатысса, Криштиану 800 ойынға қатысқан.

Месси бұл көрсеткішке бір команда аясында яғни, "Барселона" сапында жүріп қол жеткізсе, Роналду "Спортинг", "Манчестер Юнайтед", "Реал Мадрид" және "Ювентус" клубтарында ойнап, қол жеткізген. 

Мессидің атаулы голдарының кестесі

Осы маусымда Месси 46 ойында 48 гол салып үлгерген. Аргентиналық ойыншы Испания біріншілігінде – 34, Чемпиондар лигасында – 12 гол салып, көш бастап келеді. Сондай-ақ, "Алтын бутсыға" үміткерлердің көшін бастап тұр.

0 Пікір Кіру