Хави футболмен қош айтысатын болды - на sport.bugin.kz
Мирас - на sport.bugin.kz Мирас

Тағы бір атақты ойыншымен қоштасатын секілдіміз

"Барселонаның" және Испания ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы Хави 2018/19 жылғы маусымнан кейін мансабын аяқтайтынын айтты. Қазір 39 жастағы ойыншы катарлық "Аль-Садд" клубында ойнайды.

"Бұл менің футболшы ретіндегі соңғы маусымым. Болашақта бапкер ретінде мені не күтіп тұрғанын тезірек білгім келеді", – деген Хави сөздерін AS жеткізеді.

Хави сегіз дүркін Испания чемпионы, төрт дүркін Чемпиондар лигасының жеңімпазы, Әлем чемпионы және екі дүркін Еуропа чемпионы.

0 Пікір Кіру