Головкинді өзімен жасты маман жаттықтыратын болды - на sport.bugin.kz
Alisher - на sport.bugin.kz Alisher

Алғаш Олимпиадада көріп, талантына таңданғанмын. Маған ұсыныспен хабарласқанда, қуана-қуана келістім

Геннадий Головкин Нью-Йорк қаласында арнайы баспасөз жиынын өткізіп, өзінің жаңа жаттықтырушысын таныстырды. Енді боксшыны америкалық Джонатан Бэнкс жаттықтыратын болды.

36 жасар Джонатан Бэнкс Головкиннен 3 айға кіші. Бұған дейін боксшы мансабы болған. Оның ірі жетістігі – IBO тұжырымы бойынша әлем чемпиондығы. Сондай-ақ Солтүстік Америкадағы NABO тұжырымы бойынша чемпиондық белбеу иегері.

Бэнкс осыған дейін украиналық Виталий Кличкомен де бірге жұмыс жасаған. Әйгілі Эмануэль Стюардқа көмекші болған. Ол қаза болғаннан кейін Кличконы жаттықтырып, 6 жекпе-жекке бастап шықты.

Ол жаттықтырған боксшылар арасында аса ауыр салмақтағы ағылшын Диллиан Уайт та бар. Қазіргі уақытта ол абсолютті әлем чемпионы норвег қызы Сесилия Брекхаусты да жаттықтырады.

– Джонатан маған жаңа жұдырықтасу әдістерімен үйрететін болады. Біз асқан тбандылықпен жұмыс жасап, негізгі мақсатымызға жету үшін бар күшімізді саламыз. Әлемге тағы бір ерекше шоу көрсеткіміз келеді. 8 маусым күні Madison Square Garden аренасында Big Drama Show-ды тағы бір қырынан танытатын боламын, - деді GGG.

– Мен әрқашан Геннадийдің жанкүйері болдым. Тіпті ол әуесқой бокста жүрген кезінің өзінде оны бағалап үлгерген едім. Алғаш Олимпиадада көріп, талантына таңданғанмын. Маған ұсыныспен хабарласқанда, қуана-қуана келістім. Біздің мақсатымыз бір. Ол – Генадийді ресми түрде өз тағына отырғызу. Осыған лайық боксшы. Оның Канелоға қарсы екі жекпе-жегі Шугар Рэй мен Томми Хирн кездесуін еске түсірді. Головкиннің онымен қайта жұдырықтасқанын асыға күтемін, - деді баспасөз кезінде Джонатан Бэнкс.

Еске салайық, Геннадий Головкин бұрынғы жаттықтырушысы Абель Санчеспен келісімшарты аяқталғанын сәуір айының соңында хабарлаған еді. Мексикалық маман Головкинді 2010 жылдан бері жаттықтырған.

GGG шаршы алаңға 8 маусым күні оралады. Нью-Йоркте канадалық боксшы Стив Роллспен жұдырықтасады. 

0 Пікір Кіру