«Зенит» - Ресей чемпионы - на sport.bugin.kz
Мирас - на sport.bugin.kz Мирас

Санкт-Петербургтік клуб осы маусымның чемпионы

Ресей біріншілігінің 27 турында мәскеулік "Локомотив" клубы "Арсеналмен" ойнап 0:2 есебімен жеңілді. Осы нәтиженің арқасында "Зенит" теміржолшылар үшін қол жетпейтін биіктікке көтеріліп, чемпиондық атаққа ие болды. 

Ресей біріншілігінің бітуіне әлі үш тур бар. Бұл "Зенит" үшін бесінші чемпиондық. Бұған дейін Санкт-Петербургтік команда 2007, 2010, 2012 және 2015 жылдары чемпион болған.

Ресей біріншілігін ең көп рет мәскеулік "Спартак" ұтып алған. Оның қоржынында 10 чемпиондық атақ бар. Мәскеулік "ЦСКА" 6 рет ел біріншілігін ұтқан. 

0 Пікір Кіру