Надаль: Федерер, Джокович және мен ерекше нәрсе жасадық - на sport.bugin.kz
Мирас - на sport.bugin.kz Мирас

Заманымыздың атақты үш теннисшісі

Әлемнің екінші ракеткасы испандық Рафаэль Надаль теннистің дамуына үлес қосатын жұлдызды теннисшілердің маңыздылығы жайлы пікір білдірді.

"Біздің спорт түріне қызығушылықты арттыру үшін, адамдарды тарту үшін міндетті түрде бір-бірімен бәсекелес болатын есімдер керек.

Біздің ұрпақта болған жағдай теннистің дамуына үлкен ықпал етті. Біз ерекше нәрсе жасағанымызды айта кету керек. Федерер "Үлкен шлем" турнирлерін 20 рет ұтқан, менде 17 жеңіс, Джоковичте 5 жеңіс. Бұл бұрынғы заманнан өзгеше көрсеткіш.

Жақын болашақта мұның қайталануы екіталай. Адамдарды тенниске көптеп тарту үшін ережелерді өзгертіп, тың идеялар қосу керек болатын шығар", – деген Надаль сөздерін Tennis World USA келтіреді.

0 Пікір Кіру