Роналду: Бәріне бірнәрсені дәлелдей беру кейде шаршатады - на sport.bugin.kz
Мирас - на sport.bugin.kz Мирас

Атақты болу оңай емес

Туриндік "Ювентустің" шабулшысы Криштиану Роналду қоғам тарапынан ғана емес, отбасының тарапынан да қысым сезетінін атап өтті.

"Кей-кезде, бәріне бірнәрсені дәлелдеу қажеттілігі, ашуыңды келтіріп, шаршататынын, теріске шығармаймын. Себебі, сен жыл сайын өзіңнің күштілігіңді дәлелдеп отыруың керек деген сезім пайда болады. Бұл өте қиын.

Өзіңе ғана емес, қоршаған ортаңа да бірдеңені дәлелдеу қажеттілігімен байланысты қосымша қысым бар. Бұл қасыңдағы адамдарға да байланысты - отбасы, анаң, ұлың... "Криш, сен ертең жеңіске жетуің керек". Бұл сізді белсенді етеді. Сен әрқашан жаттығуың керек. Бірақ, "Мені жайыма қалдырыңдар" деген сөзді айтатын уақыт та келеді", - деген Роналду сөздерін El Pais жеткізеді. 

0 Пікір Кіру