«Барселона» президенті: Месси бізді тастап кетпейді - на sport.bugin.kz
Мирас - на sport.bugin.kz Мирас

Барселона президентінің болжамы орындала ма?

"Барселона" президенті Хосеп Мария Бартомеу шабуылшы Лионель Мессидің болашағы жайлы ойларымен бөлісті.

"Ол 45 жасқа дейін ойнай алатын шығар, кім біледі? Ол алдағы үш-төрт, бес жылда нақты алаңға шыға алады. Біз оның қаншалықты уақыт жалғасатынын білмейміз, өзі қалағанша жалғасады. Біз дайындалып жатырмыз. Дембеле, Лангле, Артур секілді ойыншыларды сатып алып, солардың көмегімен Месси мансабын аяқтағаннан кейін жетістікке жете алатын команда құрғымыз келеді. Ол уақытқа дейін талай уақыт бар секілді көрінеді маған. Әзірге ойыншыларға: "Оның қасында өткізген әр минуттан максимум пайда алыңдар" деп айтып жатырмыз.

Өмір бойы "Сантос" клубымен еске түсетін Пеле жайлы айтамын. Месси әлемдік футболға тиесілі, алайда ол әрқашан "Барселонада" өмір сүрді. Ол бір клубтың ойыншысы болып қалады және бізді ешқашан тастап кетпейді. Бір күні алаңға шығуын тоқтатады, алайда "Барселонада" қалады. Лео – гений және ол оны көп жылдар бойы дәлелдеп келеді", – деген Бартомеу сөздерін The Guardian жеткізеді.

0 Пікір Кіру