«Реал» Мбаппе үшін € 280 млн төлемейтін болды - на sport.bugin.kz
Мирас - на sport.bugin.kz Мирас

Осынша ақшаға толық бір команда ойыншыларын сатып алуға болады

«Реал» клубы «ПСЖ» шабуылшысы Килиан Мбаппе үшін € 280 млн төлемейтін болды, деп хабарлайды RMC. Осы жылдың наурыз айында France Football «Реалдың» команданың бас бапкері Зинедин Зиданға трансферлерге € 350 млн беруге дайын екендігін, ал негізгі мақсат Мбаппені сатып алу екендігі туралы хабарлаған болатын. 

Қазір «Реалдың» бұл ақшаны француздық ойыншыға жұмсамайтыны белгілі болды. «Реал» басшылығы «ПСЖ»-ның катарлық басшылығымен жақсы қарым-қатынасын сақтап қалғысы келеді, сондай-ақ, жақында Мбаппенің өзі де, келесі маусымда париждік клуб сапында қалатынын мәлімдеді.

Осы маусымда Мбаппе клубтық дейгейде 41 ойын ойнап, 36 гол салды.

Салыстыру үшін Transfermarkt.com сайтының мәліметінше, Килиан Мбаппенің құны 200 млн еуро, ал елордалық «Астана» ойыншыларының жалпы құны 22,28 млн евро.

0 Пікір Кіру