Чемпиондар лигасы.  «Ливерпуль» финалға жолдама алды - на sport.bugin.kz
Мəке Журналист - на sport.bugin.kz Мəке Журналист

Сенсациялық ойын

Чемпиондар лигасы жартылай финал аясындағы жауапты ойындар сенсациямен басталды. Алғашқы матчта 3:0 есебімен жеңіліс тапқан "Ливерпуль" өз алаңында "Барселонаға" жауапсыз 4 гол соғып, финалға жолдама алды.

7 минутта Ориги есепті ашқан болса, 54 және 56 минуттарда алаңға тыңнан кірген Вейналдум есепті еселей түсті. "Ливерпульді" финалға алып шыққан голды 79 минутта Ориги соқты.

Ливерпуль (Англия) – Барселона (Испания) 4:0

Голдар: 1:0 – 7 Ориги, 2:0 – 54 Вейналдум, 3:0 – 56 Вейналдум, 4:0 – 79 Ориги.
Ливерпуль – Алиссон, Робертсон (Вейналдум, 46), Матип, ван Дейк, Александер-Арнолд, Хендерсон, Фабиньо, Шакири (Старридж, 90), Милнер, Мане, Ориги (Гомес, 85).
Барселона – тер Стеген, Альба, Лангле, Серджи Роберто, Пике, Коутиньо (Нелсон Семеду, 60), Ракитич (Малком, 80), Видаль (Артур, 75), Бускетс, Суарес, Месси.
Ескертулер: Фабиньо (11), Бускетс (45), Ракитич (53), Матип (66), Нелсон Семеду (75)
0 Пікір Кіру