Спорт Оразаға кедергі емес - на sport.bugin.kz
Мирас - на sport.bugin.kz Мирас

Футболшылардың құлшылықтағы тиянақтылығы

Жақында өткен "Аякс" пен "Тоттенхэм" арасындағы Чемпиондар Лигасының жартылай финалдық кездесуінде, алаң иелерінің ойыншылары Нуссер Мазрауи мен Хаким Зийех, ойынның 22 - ші минутында энергетикалық батончиктер жеп, қуаттанып алған болатын.

Daily Mail мәліметінше, Мазрауи мен Зийех, ораза ұстайды екен.

Күннің батуы ойынның 17 - ші минутымен тұспа тұс келгендіктен, Нуссер мен Хаким, бірінші мүмкіндікті пайдаланып, батончик жеп алған. 

Ойынның 35 - ші минутында, Хаким Зийех "Аякстың" есептегі басымдылығын еселегенмен, Лукас Моураның хет-тригінің арқасында, "Тоттенхэм" финалға шықты.

Назарларыңызға ораза ұстаған өзге де футболшылар жайлы мәліметті ұсынамыз:

Мохаммед Салах

2018 жылғы Чемпиондар лигасының финалында "Ливерпуль" мен "Реал Мадрид" кездесуі керек болатын. 

Ойынның уақыты, мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айында өтетін болды. Бұл ойынның маңыздылығына қарамастан, "Ливерпуль" шабуылшысы Мохаммед Салах, өзіне еш жеңілдік жасамай, 18 сағат бойы ораза ұстағаны туралы мәлімет бар.

Тунис футбол құрамасының қақпашысы Муэ Ассен

Өткен жылы, Португалия және Түркия мен болған жолдастық кездесулер кезінде, Тунис ұлттық құрамасының қақпашысы Муэ Ассен, тактикалық айла қолданған болатын. Екі ойын барысында да, ол құлап, бір жерін ауыртып алғандай көрсеткен. Дәл осы кезде, оның командасының ойыншылары ауыздарын ашуға мүмкіндік алатын болған.

Дәрігерлер Ассенді қарап жатқан кезде, қалған ойыншылар алаң сыртына жүгірген. Алаң сыртында тұрған бапкерлері, оларға су мен құрма беріп, осылайша олар ауыздарын ашқан.


0 Пікір Кіру