«Астана» екінші тур қатарынан жеңіліс тапты - на sport.bugin.kz
Мирас - на sport.bugin.kz Мирас

Елордалық клубтың бағы жанбай тұр

Қазақстар премьер-лигасының тоғызыншы турындағы "Ертістен" жеңілген "Астана" ойынын оңалтудың орнына қайтадан жеңіліс тапты. 

Оныншы турда "Астана" командасы "Таразға" қонаққа барған болатын. Ойынның бірінші кезеңінде екі команда бір-бірінің қақпасынан саңлау таба алмай, есеп ашылмады. Үзілістен кейін 48 минутта "Астананың" жартылай қорғаушысы Дорин Ротариу айып алаңында тәртіп бұзды. Бас төреші еш ойланбастан он бір метрлік нүктеге көрсетті. "Тараз" сапындағы Серж Ньюадзи пенальтиден мүлт кетпей есеп ашты. Ойынның 76 минутында Элгуджа Лобжанидзе гол соғып, есепті еселеді. Қорытынды есеп – 2:0.

Оныншы турдың, бірінші ойын күнінде "Ертіс" клубы "Ордабасыны" қабылдап, 0:2 есебімен ұтылды.

Бұл турдың қалған ойындары 12 мамыр күні өтетін болады.

0 Пікір Кіру