Аллегри «Ювентуске» қош айтады - на sport.bugin.kz
Мирас - на sport.bugin.kz Мирас

Ауыс-түйіс маусымы басталды

"Ювентустың" бас бапкері Массимилиано Аллегри бес жыл бойғы жұмысынан кейін командадан кетеді, – деп хабарлайды La Stampa.

Дереккөздің мәліметінше, Аллегри клуб президенті Андреа Аньеллимен, вице-приезиденті Павел Недведпен және спорт директоры Фабио Паратичимен кездесіп, тараптар осындай шешімге келген. Кейбір деректер бойынша, Аллегри жұмысын "ПСЖ" клубында не "Барселонада" жалғастырады.

Ал "Ювентус" бас бапкер ретінде қайтадан Антонио Контені шақырмақшы. Конте туриндік клубпен 2011 жылдан 2014 жылға дейін жұмыс істеп, бұл уақыт ішінде үш ұлттық біріншілікті ұтқан болатын.

Айта кетейік, Аллегри "Ювентусте" бес жыл қатарынан жұмыс істеп, клуб бес жыл қатарынан чемпиондық атаққа ие болды.

0 Пікір Кіру