U-15 Қазақстан жастар құрамасы УЕФА кубогын ұтып алды - на sport.bugin.kz
Мирас - на sport.bugin.kz Мирас

Осы жеткіншектер болашақта жұлдыз болсын деп тілейік

U-15 Қазақстан жастар құрамасы Арменияда өткен "УЕФА Даму Кубогы" халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды.

Бұл турнирге Қазақстан құрамасынан бөлек, Армения мен Беларусь құрамалары қатысқан. Біздің құрама екі ойын өткізіп, турнир иелері Арменияға 0:1 есебімен ұтылып, Беларусь құрамасын 4:1 есебімен тізе бүктірген.

U-15 Қазақстан жастар құрамасының құрамы:

Қақпашылар: Мирас Рихард («Шахтер»), Никита Политик («Қайрат»);

Қорғаушылар: Нұрдаулет Тұяқбаев («Алаш-РКС»), Руслан Захаров («Жас-Қыран»), Игорь Горошков, Богдан Захарченко, Асқар Бижан, Досхан Дүйсенбек (бәрі — «Қайрат»);

Жартылай қорғаушылар: Самғат Бейлхан, Олег Солтанов, Андрей Мачехин, Кошали Измуллаев, Ильяс Абиль («Алаш-РКС»), Роланд Хануев, Глеб Валгушев, Олжас Байбек, Мирас Манат (бәрі — «Қайрат»), Валерий Валмери («Марсет», Испания);

Шабуылшылар: Жанер Жазмағамбетов («Каспий»), Алихан Амир, Дінмұхамед Сайын («Жас-Қыран»).

Бас бапкер: Александр Кузнецов

0 Пікір Кіру