Қытайлық клуб Бэйл үшін € 120 млн ұсынды - на sport.bugin.kz
Мирас - на sport.bugin.kz Мирас

Қытайлық клубтардың ақшасы сонша көп пе?

Мадридтік "Реалдың" шабуылшысы жақын арадағы трансферлік терезеде Қытайға аттануы мүмкін, – деп хабарлайды Don Balon. Ақпарат көзінің мәліметінше, аты аталмаған клуб Бэйл үшін 120 млн еуро ұсынып, ойыншының өзіне жылына 30 млн еуро ұсынған.

Алдында "Реал" Бэйлды сатқысы келеді, алайда сатып алушыларды тым жоғары баға мен ойыншының жылына 20 млн еуро жалақы сұрауы райларынан қайтарды деген мәлімет тараған. "Манчестер Юнайтед" пен "Тоттенхэм Хотспурдың" ұсыныстары 80 млн еуродан аспаған.

Осы маусымда 29 жастағы сұрмерген Испания біріншілігінің 29 ойынында алаңға шығып, 8 голдың авторы атанған.

0 Пікір Кіру