Де Росси 18 жылдан кейін «Ромадан» кетеді - на sport.bugin.kz
Мирас - на sport.bugin.kz Мирас

Алайда Даниэль футболмен қош айтыспайды

"Рома" капитаны Даниэль де Росси 2018/19 маусым аяқталысымен клубтан кететін болды.

35 жастағы жартылай қорғаушы Италия біріншілігінің 38 турында өтетін "Пармаға" қарсы ойында команда сапында соңғы рет ойын алаңына шығады. Де Росси мансабын аяқтамайды, бірақ оның қай клуб қатарына қосылатыны белгісіз.

"Ең алғашқы ойынынан капитандық белгіні алғанға дейін алаңда бар абыроймен "Рома" үшін ойнады. Ол Еуропаның үздік жартылай қорғаушыларының қатарында. Ол соңғы рет біздің жейдемізді киіп шыққан кезде бәріміз де жылайтын боламыз. Осы уақыттан кейін де Римнен алыста ойнап, мансабын жалғастырғысы келетініне біз құрметпен қараймыз.

Мен Даниэлге клубқа деген ерекше адалдығы үшін алғыс айтып, ол үшін есігіміздің әрдайым ашық екенін айтқым келеді. Ол клубқа жаңа дәрежеде, қашан болсын орала алады", – деген клуб президенті Джим Паллоттың сөздерін "Романың" ресми сайты жеткізеді.

Айта кетейік, Де Росси 2002 жылдан бері "Рома" сапында ойын көрсетеді. Осы клубпен екі рет Италия Кубогын, бір рет елдің Суперкубогын ұтып алған болатын.

0 Пікір Кіру