Дешам  «Ювентустың» бапкері болуға негізгі үміткер - на sport.bugin.kz
Мирас - на sport.bugin.kz Мирас

Атақты ойыншылармен жұмыс істеген атақты бапкер

Франция ұлттық құрамасының бас бапкері Дидье Дешам "Ювентустың" тізгінін қолына алуы мүмкін. Туриндік клубтың басшылығы оның кандидатурасын негізгі деп санайды.

Дешамнің бапкер болу мүмкіндігі туралы ақпарат, "Ювенің" қазіргі бас бапкері Массимилиано Аллегри мен клуб президенті Андреа Аньеллидің арасындағы кездесуден бұрын жарық көрді. Бұл туралы Tuttosport хабарлайды. 

Айта кетейік, 1994 жылдан 1999 жылға дейін Дешам "Ювентус" сапында ойнаған. 50 жастағы Дешам 2006/2007 жылғы маусымда "Ювентусты" басқарып, В сериясынан жоғарғы дивизионға шығарған болатын. 2018 жылдың жазында Дешам басқарған Франция құрамасы Ресейде өткен әлем біріншілігінде жеңіске жетті.

0 Пікір Кіру