Гризманн «Атлетикодан» кететінін мәлімдеді - на sport.bugin.kz
Мирас - на sport.bugin.kz Мирас

Жақында Месси-Суарес-Гризманн үштігін көретін сияқтымыз

"Атлетико Мадридтің" француз шабуылшысы Антуан Гризманның клубтан кететіні жайлы ресми түрде мәлімдеді.

Медридтік клубтың ресми парақшасы Гризманның жанкүйерлермен қоштасып жатқан видеосын жариялады. "Атлетикода" бес керемет жыл өткіздім. Барлығы үшін рахмет! C3іздер әрқашан менің жүрегімде қаласызда", – деді Антуан.

Гризманн әрі қарай "Барселона" сапында ойнауы мүмкін. Каталондық клуб та, ойышы да өзара келіскен тәрізді. 

Айта кетейік, Transfetmarkt французды 150 миллион евроға бағалауда. "Барса", 125 млн төлеуі мүмкін. "Атлетико" сапында ойнаған бес жыл ішінде, Гризманн Испания Суперкубогын, Еуропа Лигасын және УЕФА Суперкубогын ұтып алған болатын.

0 Пікір Кіру