Энди Маррей рыцарь мәртебесін алды  - на sport.bugin.kz
Мирас - на sport.bugin.kz Мирас

Шотландиялық теннисшінің мәртебесі өсті

"Үлкен шлем" турнирлерінің үш дүркін чемпионы сэр Энди Маррей ресми түрде рыцарь атанды. Бұл іс-шараны Чарльз ханзада Букингем сарайында өткізді.

Энди өзінің әйелі Ким және әке-шешесі Уильям мен Джудиді де алып келді. Ол өзінің балалары үш жастағы София Оливия мен он сегіз айлық Эдиді де алып келгісі келген, алайда, оларды әлі тым жас деп санайтынын айтты. "Мен бұл медальды, үйге барғасын оларға көрсетемін", – деген Маррей сөздерін BBC келтіреді.

Айта кетейік, Маррей 2013 жылы Британия империясының ордені мен сэр атағын алған болатын. Оған рыцарь атағы теннистегі жетістігі мен қайырымдылыққа қосқан үлесі үшін берілген.

0 Пікір Кіру