Арман Оспанов әлемнің ең үздік 100 спортшысының қатарына кірді  - на sport.bugin.kz
Марғұлан Ақан - на sport.bugin.kz Марғұлан Ақан

Спорт

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Арман Оспанов жаңартылған әлемдік рейтингте жоғарылады, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы Fightmatrix.com сайтына сілтеме жасап.

АСА (Absolute Championship Akhmat) тұжырымында өнер көрсететін Арман Оспанов кезекті жекпе-жегіндегі жеңісінен кейін әлемдік рейтингте жоғарылап, әлемнің ең үздік 100 спортшысының қатарына қосылды. Жартылай жеңіл салмақта (66 келі) сынға түсетін «Сұңқар» жаңартылған рейтингте 97 орынға жайғасқан. Ал бұл салмақтың көшін UFC тұжырымының чемпионы Макс Холлоуэй бастап тұр.

Айта кетейік, Арман Оспановтың  АСА 95 турниріндегі нокауты «Жыл нокаутына» үміткер атанған болатын. Ол германиялық Лом-Али Эскиевті (15-4) екінші раундта ауыр нокаутқа жіберді.

0 Пікір Кіру