Жеңіліс көрмеген қазақ Америка боксшысын жеңді - на sport.bugin.kz
Мирас - на sport.bugin.kz Мирас

Осы жеңісінің арқасында алғашқы титулға қол жеткізді

Қазақстандық боксшы Мадияр Әшкеев кәсіби рингтегі кезекті кездесуін өткізді.

Ол Аризона штатындағы Тусон қаласында өткен бокс кешінің қатысушы ретінде, жергілікті Сесил Маккаламен жекпе-жекке шыққан. Junior NABF дәрежесіндегі титул үшін болған кездесу, барлық он раунд бойы өтіп, Әшкеевтің жеңісімен аяқталды. Қазылар бір ауыздан оны жеңімпаз деп таныған. Бұл титул, Мадиярдың кәсіби мансабындағы алғашқы жетістігі. NABF (Солтүстік америкалық боксер федерациясы) WBC (Бүкіл әлемдік боксерлік кеңес) жүйесіне кіреді.

Осылайша, Әшкеев өзінің 12- ші жеңісіне (алтауын нокаутпен аяқтаған) қол жеткізді. Маккала 25 жекпе-жегінің, төртеуінде жеңіліс тапты.

0 Пікір Кіру