Путинцева мансабындағы алғашқы титулға ие болды - на sport.bugin.kz
Мирас - на sport.bugin.kz Мирас

Юлия Германиядағы теннис турнирінде топ жарды

Қазақстандық Юлия Путинцева Германияның Нюрнберг қаласында өтіп жатқан турнирдің жеңімпазы атанды. Ол финалда словениялық Тамара Зиданшекпен кездесіп, 4:6, 6:4, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Юлия жартылай финалда румыниялық Сорана Кирстяны 6:4, 7:5 есебімен ұтқан болатын. Жекпе-жек 1 сағат, 51 минутқа созылды.

Айта кетейік, 2018 жылы бұл турнирді швед қызы Юханна Ларссон жеңіп алған болатын.

0 Пікір Кіру