Данияр Елеусінов тағы бір мәрте жеңіске жетті (видео) - на sport.bugin.kz
Қаракөз Амантай - на sport.bugin.kz Қаракөз Амантай

Бокс

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (6-0, 3 КО) Оксон Хилдегі (АҚШ, Мэриленд штаты) бокс кешіне қатысты.

Ол чилилік Луис Норамбуэнамен (3-1-1, 0 КО) MGM National Harbor ойын-сауық кешенінде жекпе-жек өткізді. Жартылай орта салмақтағы бұл кездесуде төрешілердің бірауыздан шешімімен Елеусінов жеңіске жетті.

Осылайша, Данияр кәсіпқой бокста жеті жекпе-жек өткізіп, бәрінде қарсыласынан басым түсті, ал Норамбуэна карьерасында екінші рет жеңіліске ұшырады.

Данияр Елеусінов Головкинге қатысты дау неден туындағанын түсіндірді

Айта кетейік, Елеусіновпен әуелі мексикалық боксшы Мигель Самудио (43-12-1, 27 КО) жұдырықтасуы тиіс болатын, дегенмен Мэриленд штатының спорт комиссиясы оған рұқсат бермеді.

Назарларыңызға жекпе-жектің үзіндісі мен толық видеосын ұсынамыз.

https://vk.com/video-35729072_456239282

sputniknews.kz

0 Пікір Кіру