Қанат Ислам рингке оралады - на sport.bugin.kz
Мирас - на sport.bugin.kz Мирас

Алматылықтар күтіңіздер

Бірінші орта салмақтағы қазақ боксшысы Қанат Ислам (25-0, 20 КО) өзінің келесі жекпе-жегін 5 шілде күні Алматыда болатын бокс кешінде өткізеді. Қанат бұл туралы өзінің Instagram парақшасында жариялады. 

"Қадірлі спорт сүйер жанкүйерлер! Сіздермен сүйіншілі жаңалығымды бөліскелі отырмыз! 5-ші шілде күні Алматыда кәсіби бокстың нағыз мерекесі өтеді. Балуан Шолақ атындағы мәдениет және спорт сарайында, қазақстандықтар дүниежүзінен келген былғары қолғап шеберлері қатысатын кәсіби бокс кеші өтеді. Кештің бас жекпе-жегінде, араға біраз уақыт салып, шаршы алаңға қайта оралған әйгілі Қанат Ислам өткізеді", - деп айтылған хабарламада.

Қанат Ислам жариялаған жарнамада көрсетілгендей, бұл бокс кешінде Арман Рысбек, Абылайхан Хусаинов және Руслан Мырсатаев сынды өзге де қазақ боксшылары өнер көрсетеді.

Қанат Ислам 2017 жылдың қыркүйегінен бері рингке шықпаған болатын. Соңғы кездесуінде ол канадалық Брэндок Кукты нокаутқа жіберді.

0 Пікір Кіру