Қазақстанның екі спортшысы жарыстан шеттетілді - на sport.bugin.kz
Қаракөз Амантай - на sport.bugin.kz Қаракөз Амантай

Олардан тыйм салынған дәрілер табылған

Қазақстандағы допингке қарсы ұлттық орталықтың ресми сайты тыйым-салынған дәрі-дәрмек қолданған спортшылар тізімін жаңартты.

ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің мәліметніше, тізімде каноеші Валерия Копущу мен ММА өкілі Әсем Жәкенованың қан сараптамасынан тыйым салынған дәрілер табылғаны көрсетілген. 

"Валерия Копущудің сынамасынан қолдануға тыйы салынған оралтуринабол табылды. Сынама жарыстан тыс кезде алынған. Спортшы 4 жылға жарыстардан шеттетілді. Ал Әсем Жәкенова мельдоний қолданғаны үшін төрт жылға үлкен спорттан аластатылды", - делінген комитеттің сайтында.

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті спортта допинг қолдануға нөлдік төзімділік бағытын ұстанады және Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) мен Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттіктің (WADA) таза спортшыларды қорғау туралы ұстанымын толығымен қолдайды.

0 Пікір Кіру