Жанқош Тұраров рингке оралады - на sport.bugin.kz
Мирас - на sport.bugin.kz Мирас

22 жеңісі бар қазақтың қарсыласы анықталды

Жеңілмеген қазақстандық боксер Жанқош Тұраров (22-0, 15 КО) 1 маусым күні рингке оралады.

Ол Уэльстің Кардифф қаласындағы бокс кешінде рингке шығады. Сегізраундтық жекпе-жектегі қарсыласы ретінде ганалық Ричмонд Джарбенг болады. Бұл бокс кешінде, тағы бір қазақстандық Сұлтан Заурбек никарагуалық Серхио Гонсалеспен жұдырықтасады.

Жанқош Тұраров екі жыл бойы рингке шықпаған. Өзінің соңғы кездесуін 2017 жылдың қыркүйек айында Нұр-Сұлтан қаласында өткізген болатын. 10 раундқа созылған бұл кездесуде, ол аргентиналық Бруно Леонардо Ромаяны, төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңген болатын.

0 Пікір Кіру