Қазақстандық дзюдошы қыз Еуропа кубогінің алтын жүлдегері атанды - на sport.bugin.kz
Bugin.kz - на sport.bugin.kz Bugin.kz

Жеңіс құтты болсын!

Австрияның Лейбниц қаласында өткен дзюдодан жастар арасындағы Еуропа кубогі додасында Қазақстан командасы сәтті өнер көрсетті.

ҰОК баспасөз қызметінің хабарлауынша, жас дзюдошыларымыз Австрия төрінен 1 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды.  Қыздар арасында 48 келіде белдескен Ақмарал Науатбек Еуропа кубогінің алтын жүлдегері атанды. Ол топтық айналымда Әзірбайжан, Бразилия және Германия спортшыларын жеңіп, жартылай финалда өз командаласы Ғалия Тыныбаевадан басым түсті. Финалда Ақмарал бразилиялық Лаура Ферейрадан мықтылығын дәлелдеп, өз қатарластары арасында көш бастады.

Ал Ғалия Тыныбаева қола медаль үшін өткен кездесуде ұлыбританиялық Сиян Бобровсканы жеңді.  Ерлер арасында екі балуанымыз финалда белдесіп, ақтық сында қарсыластарына жол берді.  60 келідегі Біләл Болат Венгрия, Бразилия және Әзірбайжан дзюдошыларын жеңіп, жартылай финалда Әбу-Муслим Парчиевті жеңген болатын. Өкінішке қарай, финалда бразилиялық Ренан Торреске жол берді.  66 келіде белдескен Ермек Амангелді іріктеу кезеңдерін Болгария, Бразилия және Франция балуандарын ұтса, жартылай финалда латвиялық қарсыласынан басым түсті. Бірақ ақтық сында Ермектің жапониялық Айда Юджиге шамасы жетпеді. 

Осылайша, жас дзюдошыларымыз Австриядан төрт медальмен оралып отыр.

0 Пікір Кіру