Неймар мен Мбаппе ПСЖ-ны іштей екіге бөліп жіберген - на sport.bugin.kz
Мəке Журналист - на sport.bugin.kz Мəке Журналист

Франциялық шабуылшы бразилиялыққа көрсетілетін құрметке наразы

Франциялық "Пари Сен-Жермен" клубы бір-біріне қарсы екі лагерьге бөлініп кеткен сияқты, ал олардың бастауында Неймар мен Килиан Мбаппе тұр. Бұл туралы L'Equipe басылымы хабарлап отыр.

Ақпарат бойынша, Мбаппе клубта Неймарға көрсетілетін артықшылықтарға наразы. Оның ішінде жаттығу кестесі бразиялықтың қалауына байланысты құрылатыны Мбаппеге ұнамайды. Сонымен бірге, Неймардың трансферлік саясатқа ықпалы күшті болғаны да франциялық футболшының қытығына тиеді екен. 

Бұл тұрғыда франциялық шабуылшыны қорғаушы Преснел Кимпембе, ұлттық құрамадағы бапкері және бельгиялық Тома Менье қолдайды. Неймарды жақтаушы ойыншылардың аты аталмады.

Мамамырда бразилиялық команадаласы Юлиан Дракслермен төбелесе жазадаған еді. Неміс футболшы Неймарды тәкәппар деген еді, осыдан кейін оларды арашалауға да тура келді. 

Неймар ПСЖ сапында 2017 жылдан ойнап келеді, оның трансфері үшін париждіктер рекордты 222 миллион еуро берген. Мбаппе сол жазда 180 миллион еуроға ауысқан.

0 Пікір Кіру