Головкин Альвареспен үшінші жекпе-жек үшін келіссөздер қашан басталатынын айтты - на sport.bugin.kz
Мəке Журналист - на sport.bugin.kz Мəке Журналист

Бокс

Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) TMZ.com тілшісіне берген сұхбатында мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (52-1-2, 35 КО) болатын үшінші жекпе-жекке байланысты сұрақтарға жауап берді, – деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі tofight.ru сайтына сілтеме жасап.
– "Канеломен" үшінші кездесуге қатысты келіссөздер болды ма?
– Әзірге жоқ, Роллспен жекпе-жектен кейін басталады.

– Үшінші жекпе-жектің болғанын қалайсың ба?
– Барлығы қалайды.
Еске салсақ, қазақстандық спортшы Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында Альвареспен екі рет жұдырықтасқан: 2017 жылдың қыркүйегінде олардың алғашқы жекпе-жегі тең нәтижемен, ал бір жылдан соң мексикалықтың жеңісімен аяқталды. Осылайша, қазақстандық карьерасындағы алғашқы жеңіліске ұшырады және WBC, WBA (Super) және IBO титулдарынан айырылды.

0 Пікір Кіру