Головкин: Энди Руистің не істегенін көрдіңіздер! - на sport.bugin.kz
Orash - на sport.bugin.kz Orash

Мен үшін үлкен сынақ

Головкин мен Роллс жергілікті уақыт бойынша 8 маусым, сенбі күні Мэдисон алаңындағы Месса бокс кешенінде 164 фунтқа дейінгі салмақ дәрежесі бойынша 12 раунтқа жоспарланған жекпе-жекте қолғап түйістіреді деп хабарлайды Ringtv.com сайты.

Жеңіліп көрмеген 10 үздік боксшы қатарына кіретін Торонто қаласының тұрғыны Стив Роллс өзінің жерлестері Рапторс командасының NBA Чемпионатының финалына шығуынан шабыт алатынын айтқан.

Табысы мол, тартымды супер жұлдыз саналатын, 20 кездесуде 18 нокаутпен рекорд жасаған Геннадий Головкин Роллсге алдағы сенбіде Энди Руисден нокаут алып қалған Антони Джошуа сияқты елеусіз қарау ниеті жоқ екенін айтты.

«Стивен Роллске қарсы жаттығуға деген ынта-жігерім кез келген кездесуге дайындығымнан кем болған жоқ, әбір жекпе-жек - мен үшін үлкен сынақ. Стивен Роллс мен үшін осал қарсылас емес, өйткені мен де бұрын Стивен Роллс сияқты белгісіз үміткер болдым. Белгісіз қарсылас ең қауіпті қарсылас саналады. Энди Руис бізге әлсіздерді көзге ілмеуге болмайтынын  көрсетті», - дейді Қарағандының тумасы Головкин (38-1-1, 34 КО).

«Мен осы жекпе-жекке ерекше дайындалдым. Кез келген уақытта қауіп бар. Мен Месса бокс кешенінде бокстан үлкен драма шоу көрсеткім келеді,себебі ол ерекше сезімге бөлейді. Мен үшін бұл әлем боксының орталығы саналады. Бұл алаңда бокстасудың тарихы ұзақ. Мұнда соғысқан аңыздарға қараңызшы. Жанкүйерлер өзінің боксын жақсы біледі және жақсы бағалайды. Олар керемет көрермен. Мен олардың энергиясын және қаланың қуатын жақсы сезінемін ». 

Роллс қрасыласына үлкен өкініш силайтынына уәде берді.

«Мен мұндай жаттығу жиынын ешқашан өткізген емеспін, бұл өте қарқынды және өнімді болды, мен өзімнің кәсіби бокстегі рухымды жаттықтырушым Томми [Гоуат] -тың деңгейіне көретдім», - деді Ролл. (19-0, 10 КО).

Ол өзінің жеңіске жететініне сенімді екенін, бүкіл өмірінде осы мүмкіндік үшін дайындап келгенін  және бұл мүмкіндікті осы сенбіде жақсы пайдаланатынын айтты.

0 Пікір Кіру