GGG жекпе-жектен шеттетілді - на sport.bugin.kz
Бота Куанышбекова - на sport.bugin.kz Бота Куанышбекова

Нью-Йоркте өткен жекпе-жектен кейін қазақстандық боксшы жекпе-жектен шеттетілді

Prosports.kz-тің хабарлауынша, 9 маусым күні Нью-Йоркте өткен жекпе-жектен кейін қазақстандық боксшы Геннадий Головкин тынығып, қалпына келуге мұрсат алды.

Нью-Йорктегі Атлетикалық Комиссиясының шешімі бойынша, қазақстандық үш боксшы Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО), Әли Ахмедов (15-0, 11 КО) және Бахтияр Эюбовты (14-1-1, 12 КО) жекпе-жекке шығудан уақытша шеттетті.

Оның себебі – спортшылар осы демалыста жекпе-жек өткізген соң, қайтадан қалыптарына келулері керек. GGG мен Ахмедов енді ағымдағы жылдың 15 маусымына дейін шаршы алаңға шыға алмайды. Ал Эюбов 22 маусымға дейін демалады.

Головкиін 9 маусым Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында канадалық боксшы Стив Роллсті төртінші раундта нокатуқа түсіріп, мансабындағы 39-жеңісініне қол жеткізген болатын.

Ал Головкин - Роллс жекпе-жегінің андеркартында өнер көрсеткен Әли Ахмедов америкалық Маркус Макдэниэлді үшінші раундта жеңіп, екінші орта салмақтағы WBC International белбеуін жеңіп алған еді.

0 Пікір Кіру