Головкин табысы мол спортшылар қатарында - на sport.bugin.kz
Мирас - на sport.bugin.kz Мирас

Оның жылдық табысы 25,5 млн долларды құраған

Forbes басылымы 2019 жылғы ең табысы көп спортшылар тізімін жариялады. Біздің отандасымыз, атақты боксшы Геннадий Головкин бұл тізімде 95 орынға жайғасты. Оның жылдық табысы - $25,5 млн құраған.

Барлық соманың, $23 млн - жекпе-жектерден түскен табысы болса, $2,5 млн - жарнамадан түскен табысы.

Бұл тізімнің алғашқы бестігінде, төмендегі спортшылар орналасқан:

1. Леонель Месси - $127 млн

2. Криштиану Роналду - $109 млн

3. Неймар - $105 млн

4. Головкиннің бұрынғы қарсыласы, Канело Альварес - $94 млн

5. Роджер Федерер - $93,4 млн.

0 Пікір Кіру