Есінен тандырды: Арман Әшімов қарсыласын нокаутқа жіберді - на sport.bugin.kz
Bugin.kz - на sport.bugin.kz Bugin.kz

Жекпе-жек

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Арман Әшімов (10-3-1) Зайсан қаласында (Шығыс Қазақстан облысы) өткен жекпе-жек турниріне қатысты.

Әшімов кештің басты жекпе-жегіне шығып, моңғолиялық спортшыны жойқын нокаутқа жіберді, осыдан кейін қарсыласы ұзақ уақыт бойы есін жия алмады. Нокауттың видеосын мына жерден көруге болады.

Естеріңізге сала кетейік, Арман Әшімов ММА-дағы соңғы жекпе-жегін 30 наурыз күні Алматыдағы M-1 Challenge 101 турнирінде өткізді. Оның қарсыласы жеңілмеген бразилиялық файтер Кайк Аленкар (9-1) болды. Жекпе-жекте төрешілердің бірауыздан шешімімен Әшімов жеңіске жетті.

sputniknews.kz

0 Пікір Кіру