Маттейс де Лигт  «Барселона» клубының ұсынысынан бас тартты  - на sport.bugin.kz
Bugin.kz - на sport.bugin.kz Bugin.kz

Аякс қорғаушысы

Амстердамдық "Аякс" қорғаушысы Маттейс де Лигт каталондық "Барселонаға" өту туралы ұсынысты қабылдамады. Бұл туралы Cadena SER хабарлап отыр.
Ақпарат бойынша, 19 жастағы футболшының агенті Мино Райола каталондықтардың ұсынысын қабылдамаған. "Барселона" президенті Жозеп Бартомеу де Лигтті көнідруге тырысқанымен одан ештеңе өнбеген.
Футболшының өзі Райолаға толық сенетінін және ол "жоқ" десе ары қарай сөздің пайдасы жоғын айтады.
"Барселона" басшылығы мәселе қаржыға ғана байланысты деген ойда. Голландиялық футболшыға туриндік "Ювентус", мюнхендік "Бавария" және франциялық "Пари Сен-Жермен" де ұсыныс жасаған. 
Париждіктер қорғаушыға жылына 15 миллион еуро ұсынған, ал каталондықтар екі есе төмен сомманы ғана төлей алады екен.

Өткен маусымда де Лигт клубтық деңгейде 55 матч өткізіп, жеті гол соққан және төрт нәтижелі пас берген. Оның "Аякспен" келісімшарты 2021 жылға дейін есептелген. Нидерланд құрамасы сапында қорғаушы 15 матчке қатысып, бір гол салған. 2018 жылы желтоқсанда Лигт Еуропаның үздік жас футболшысына берілетін Golden Boy жүлдесін иеленді.

Vesti.kz

0 Пікір Кіру