UFC-дегі тұңғыш қазақ енді Қазақстанның атынан шығады - на sport.bugin.kz
Bugin.kz - на sport.bugin.kz Bugin.kz

Ережесіз жекпе-жек

Әлемнің ең беделді тұжырымы UFC-де өнер көрсеткен тұңғыш қазақ Жұмабек Тұрсын енді Қазақстанның атынан бақ сынайтын болады.

Аралас жекпе-жектен (ММА) бірнеше дүркін Қытай чемпионы атанған спортшысы Жұмабек Тұрсын Қазақстан намысын қорғайды.

«Тянь-Шань барысы» лақап атымен жұдырықтасатын Жұмабек Тұрсын бұған дейін Қытайдың атынан шығатын. Бірақ жақында ол Қазақстан азаматтығын алды.

22 маусым күні Қытайдың Бейжің қаласында өтетін «Kunlun Fight» ММА кешінде Жұмабек Тұрсын қазақстандық спортшы ретінде қатысады. Оның қарсыласы қытайлық Яо Хоңгаң болмақ.  

Айта кетейік, Жұмабек Тұрсын мансабында 18 жекпе-жек өткізіп, оның тек үшеуінде жеңіліс тапқан.

ҚазАқпарат

0 Пікір Кіру