Ғалия Тынбаева алтыннан алқа тағынды - на sport.bugin.kz
Мирас - на sport.bugin.kz Мирас

Жастар арасындағы дзюдо чемпионатынан сүйінші хабар

Қазақстандық спортшы Ғалия Тынбаева Венгрияның Пакс қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы дзюдодан Еуропа Кубогының жеңімпазы атанды.

Қазақстандық дзюдошы 48 кг дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Ақтық бәсекеде Ғали тағы бір отандасымыз Ақмарал Науатбекті жеңіп, Қазақстан жастар құрамасының қоржынына үшінші медаль әкелді.

Естеріңізге сала кетейік, 22 маусымда Паскада дзюдодан Еуропа кубогы басталды. Қазақстан атынан бұл жарысқа 20 спортшы қатысады. Жарыстың бірінші күнінде дзюдошы Нұрзат Сәлімбаев 66 кг дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлдені иеленген болатын.

0 Пікір Кіру