Мұндай футбол қажет емес - на sport.bugin.kz
Мирас - на sport.bugin.kz Мирас

Қазаққа осындай футбол қажет пе?

Қазақстандық футбол жанкүйерлері, еуромаусымның басталуын асыға күтеді. Отандық футбол ойындарына қарағанда, "Реал", "Барса", "Бавария" мен "Ювентус" ойындарын тамашалау бір ғанибет.

Олардың ойындарын көріп отырып, шіркін, қазақ командалары Еуропа алпауыттарымен ойнаса ғой, деген жыл сайын бір үміт пен арман қатарласады.

Әзірге ол арманды, "Астана" ғана орындай алды. Ол туралы өздеріңіз де хабардарсыздар. Менің айтпағым ол емес.

Биылғы маусымда, бір емес, төрт бірдей қазақстандық клуб евромаусымның іріктеу ойындарына шыққанда қуандық. "Астана", "Қайрат", "Ордабасы" және "Тобылдың" қарсыластары, осал болмағанмен, қаржылық және дайындық жағынан деңгейі төмен командалар еді.

Қарсыласты менсінбеу ме, әлде, дайындықтың нашарлығы ма, белгісіз, "Астана" румыниялық "ЧФР Клужден" екі ойын есебі бойынша жеңіліп, Еуропа Лигасының іріктеуіне түсіп қалды.

"Тобыл" болса, 602 мың халқы бар Люксембург елінің "Женесс" командасынан басым түсе алмады. Ақпарат үшін, "Тобылдың" жылдық бюджеті 8 млн долларды құраса, "Женесс" бюджеті 500 мың еуроны құрайды екен.

"Ордабасыға" келетін болсақ, оның Кутаисилік "Торпедоны" жеңгеніне де қуанбауымыз керек. "Торпедо" УЕФА рейтингінде 462 орында, "Ордабасы" 399 орында. Рейтингтегі айырмашылық бірден көрінуі тиіс деп білемін.

"Қайрат" аталмыш үш командаға да қарағанда тарихы бай, инфрақұрылымы , дайындығы мықты команда болса да, "Широки Бриегпен" шешімді екінші ойынға дейін қалдырып, әзер жеңді. Бұл кэмбак емес, бұған мақтанудың қажеті жоқ. 

Қорытындылай келе, жарысты бастаған төрт клубтан, үшеуі қалды. Олардың келесі кезеңдерде де, осылай ойнайтын болса, онда алаңға шықпай қойғаны артық деген ойдамын.

Тәуелсіздікті алғаннан бері, тек ұлттық біріншілікті ғана көтеріп қоймай, еуропалық деңгейде жарқылдайтын күн келді емес пе? Жыл сайын, іріктеу ойындарына шыққанға мәз болып, сонымен қанағат ете берсе, жеке маған мұндай футбол қажет емес.

0 Пікір Кіру