Боксшының өлімінен соң қарсыласы сыйақысын алудан бас тартты - на sport.bugin.kz
Bugin.kz - на sport.bugin.kz Bugin.kz

Ол жекпе-жектен алған жарақатынан соң көз жұмған

Дадашев пен Матиас арасындағы жекпе-жек 11 раундта тоқтатылған еді.

Жекпе-жектен алған жарақатынан соң көз жұмған Максим Дадашевтың қарсыласы Сабриэль Матиас сыйақысын алудан бас тартты.

«Маған бұл чек қажет емес. Бұл Матиастың бірінші сөзі болды», – деді пуэрторикалық боксшының өкілі Фернандо Газтамбиде.

Айта кетейік, Дадашев пен Матиас арасындағы жекпе-жек 11 раундта тоқтатылған. Ресейлік боксшы айқасты жалғастыра алмай, рингтен шыққан соң бірден ауруханаға жеткізілді. Арада үш күн өткенде көз жұмды.

inbusiness.kz

0 Пікір Кіру