Джокович және Надаль ойыны Қазақстанда өтеді - на sport.bugin.kz
Мирас - на sport.bugin.kz Мирас

Әлем теннисінің көшбасшыларын көргіңіз келе ме?

Әлемнің бірінші және екінші теннисшісі саналатын Новак Джокович және Рафаэль Надаль ел астанасында ойын өткізеді. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы өзінің Instagram парақшасында жариялады.

Бұл ойын 24 қазан күні сағат 19:00 де "Барыс-Аренада" өтеді.

Ойыннан түскен барлық қаражат қайырымдылыққа жұмсалатын болады.

Айта кетейік, Новак Джокович осы жылғы "Уимблдон" чемпионы болса, Надаль дәстүрлі түрде өтетін "Роллан Гарросты" жеңіп алды.

0 Пікір Кіру