Головкиннің әлем чемпионы титулы үшін күресетіні туралы ресми түрде хабарланды - на sport.bugin.kz
Plumeria - на sport.bugin.kz Plumeria

Кездесу Нью-Йоркте өтеді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жектің өтетін күні мен қарсыласы ресми түрде белгілі болды. 

Жекпе-жек 5 қазанда Нью-Йоркте Madison Square Garden аренасында өтеді, онда қазақстандық осы жылдың маусым айында канадалық Стив Роллсты (19-1, 10 КО) DAZN дебютте нокаутқа жіберген болатын. Ендігі қарсыласы украиндық боксшы Сергей Деревянченко (13-1, 10 КО). Бұл жекпе-жектің атында орташа салмақтағы IBF белдігі тұр.

Бұл туралы Деревянченко әлеуметтік желілер арқылы ресми түрде хабарлаған. Украиндық матчтың постерін, сонымен қатар Украина мен Қазақстанның эмоджи белгілерін, Нью-Йорктің символы – «Бостандық» мүсінін, сондай-ақ, инстаграмға «Мәміле аяқталды» деген тақырыппен «оқиға»жариялаған.

 sports.kz 


0 Пікір Кіру