Еуро-2020 турнирі іріктеуінің  жеребесі тартылды - на sport.bugin.kz
Мəке Журналист - на sport.bugin.kz Мəке Журналист

Қазақстан құрамасы Бельгия, Ресей, Шотландия, Кипр және Сан-Марино елдерімен I тобына түсті. Қазір Бельгия FIFA рейтингінде бірінші орында, Шотландия 38, Ресей 48, Кипр 86, Қазақстан 120, Сан-Марино 211-орында тұр.

Ирландия астанасы Дублин қаласында Еуро-2020 турнирінің іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды. Еурорпдағы 55 ұлттық құрама өз қарсыластырын анықтап алды.

Чемпионаттың ағымдағы жеңімпазы Португалия ұлттық құрамасы B тобынан жай алды, бұл топта Украина, Сербия, Литва жəне Люксембург сынды ұлттық құрамалар бар.

2018 жылғы əлем чемпионы болған  Франция құрамасы H тобында Исландия, Туркия, Албания, Молдова жəне Андорра құрамаларымен бақ сынайтын болады. 

Іріктеу турниріне 55 құрама 10 топқа бөлінді. Топтық кезең 2019 жылдың қараша айында бастау алады.

Еуропа чемпионаты  2020 жылдың 12 маусымынан 12 шілдесіне дейін құрлықтың 12 қаласында болып өтеді.

A тобы: Англия, Чехия, Болгария, Черногория, Косово.

B тобы: Португалия, Украина, Сербия, Литва, Люксембург.

C тобы: Нидерландия, Германия, Солтүстік Ирландия, Эстония, Беларусь.

D тобы: Швейцария, Дания, Ирландия, Грузия, Гибралтар.

E тобы: Хорватия, Уэльс, Словакия, Венгрия, Əзербайжан.

F тобы: Испания, Швеция, Норвегия, Руминия, Фарер аралдары, Мальта.

G тобы: Польша, Австрия, Израйль, Словения, Македония, Латвия.

H тобы: Франция, Исландия, Туркия, Албания, Молдова, Андорра.

I тобы: Бельгия, Россия, Шотландия, Кипр, Қазақстан, Сан-Марино

J тобы: Италия, Босния жəне Герцеговина, Финляндия, Греция, Армения, Лихтенштейн.


Əр топтан 2 үздік құрама тікелей Еуропа чемпионатына тікелей жолдама алады. Жəне тағы 4 жолдама иесі 2020 жылы наурыз айында Ұлттар лигасы топтық кезеңінің жеңімпаздары арасында өткізілетін Өту ойыны немесе құрамалардың  рейтингіне байланысты анықталады

0 Пікір Кіру