Роналду футболдан кете ме? - на sport.bugin.kz
Мирас - на sport.bugin.kz Мирас

Ойыншының өз ойы

"Ювентустың" шабуылшысы Криштиану Роналду келесі жылы кәсіби мансабын аяқтай алады. 

Спортшы бұл туралы TVI телеарнасына берген сұхбатында айтты.

- Мүмкін, мен мансабымды келесі жылы аяқтаймын. Бірақ мен 40-41 жасқа дейін де ойнай аламын, - деді Роналду. 

Ол әзірше футболдан кетуді ойламайтынын және қазіргі сәттен ләззат алатынын атап өтті.

Роналду 2018 жылдың жазынан "Ювентус" сапында ойнайды. Өткен маусымда португалдық ойынша Италия біріншілігінде 31 матч өткізіп, 21 гол соққан болатын.


0 Пікір Кіру