Стадионды жылап салған ба?.. - на sport.bugin.kz
Қозы Көрпеш - на sport.bugin.kz Қозы Көрпеш

Стадион нашар, футболшылар соның кесірінен жеңілді

Күні кеше қызылордалық «Қайсар» өз алаңында «Жетісуды» қабылдады. Жақында ғана күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға берілген Ғ.Мұратбаев атындағы стадионға жиналған жанкүйерлердің қарасы қалың болды. 

Жергілікті клубтың жанкүйерлері ойын басталғаннан-ақ «қасқырларға» қолдауын аяған жоқ. Дегенмен, «Қайсар» қарсыласқа қарсы қауқар таныта алмады. 

Ойынның алғашқы бөлігінде ұрымтал сәтті ұтымды пайдаланған жетісулық ойыншы Н.Адамович гол соғып, командасын алға шығарды. Ал 80-ші минутта қонақтар сапында М.Куклис есепті еселей түсті. Сөйтіп, Д.Огай баптайтын жетісулықтар 3 ұпайды қанжығасына байлады.

Ал жанкүйерлердің «Қайсар» ойыншыларына өкпесі қара қазандай. Өйткені жаңа стадионды бірде-бір рет жеңіске жеткен емес. Тіпті, жанкүйерлер «Басшылар құрылысшылардың айлығын бермей қинаған ба? Мына стадионды жұмысшылар жылап салған-ау? Көптің көз жасы жібермей жатыр ғой. «Қайсар» қашан жеңіске жетеді?» деген әзіл-шыны аралас айқайды да естідік.

Айтпақшы, УЕФА-ның сарапшысы Лундстром Питер Паул Ғани Мұратбаев атындағы орталық стадионы УЕФА-ның талабына сәйкес екінші категорияға лайықты, стадион Еуропалық стандартқа сәйкес, кез келген матчты қабылдауға дайын екендігін мәлімдеген еді.


0 Пікір Кіру