Хабиб Нурмагомедов Дастин Порьемен болатын жекпе-жектен қанша қаржы табады? - на sport.bugin.kz
Жандарбек Жумагулов - на sport.bugin.kz Жандарбек Жумагулов

Осылайша ол Конор МакГрегорға қарсы жекпе-жегіндегі гонорардан үш есе жоғары алады.

Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов уақытша чемпион, америкалық Дастин Порьеге қарсы жекпе-жекте қанша сыйақы алатыны белгілі болды.

Ресейлік файтер Дастин Порьемен болатын жекпе-жектедемеушілер мен ақылы сатылымды есептемегенде 6 миллион доллар көлемінде сыйақы алады. Осылайша ол UFC-дің екі салмқта бұрынғы чемпионы Конор МакГрегорға қарсы жекпе-жегіндегі гонорардан үш есе жоғары алады.

Айта кетейік, Нурмагомедов – Порье жекпе-жегі 7 қыркүйек Абу-Дабиде өтетін UFC 242 турнирінде болады. Америкалық соңғы төрт жекпе-жегінде UFC-дің екі бұрынғы (Эдди Альварес пен Энтони Петтисті) және қазіргі чемпионын (Макс Холлоуэй) жеңді.

0 Пікір Кіру