UFC 242. Нурмагомедов Порьені жеңді - на sport.bugin.kz
Мəке Журналист - на sport.bugin.kz Мəке Журналист

Нурмагомедов 28-жеңісіне жетті

UFC 242 кешінің ең маңызды жекпе-жегі болып өтті. Жекпе-жекте Хабиб Нурмагомедов жəне Дастин Порье өзара белдесті. 

Кездесу Ресейлік спортшының толық басымдығымен өтті. Бірінші жəне екінші  раундтарда Нурмагомедов қарсыласын жеңетін мүмкіндіктер болды, бірақ уақытша чемпион  Порье түрлі жағдайларлан сытылып кетіп жүрді. Ал үшінші раундта  Хабиб Нурмагомедов қылқындыру әдісімен Дастин Порьени жеңді. 

Сонымен, Нурмагомедов екінші мәрте чемпиондық атағын сəтті қорғай алды жəне өзінің 28-жеңісіне жетті.

Ал Порье чемпиондық белбеуінен мақұрым қалды. Ол қатарынан 5 жекпе-жекте жеңіліске ұшырамаған еді жəне 2016 жылдан бері алғаш рет жеңіліс тапты.


0 Пікір Кіру