Месси «Барселонадан» кетуі мүмкін - на sport.bugin.kz
Мəке Журналист - на sport.bugin.kz Мəке Журналист

Маусым біткен соң, кетуіне болады

El Pais басылымының ақпаратына сүйенсек, футболшының клубпен жасалған келісімшартында оның маусым ойындары аяқталған соң, командадан кетуіне болатындығы жайлы айтылған.  

Егер Аргентиналық футболшы бұл құқықтан пайдаланса, ол клубты 30 маусымға дейін хабардар етуі керек болады. Мұндай құқық өз уақытында "Барсаның" басқа футболшыларына да берілген болатын. Атап айтар болсақ, Карлес Пуйол, Хави ва Андрес Иньестаға берілген екен.

Десе де, клуб әкімшілігі Мессидің командадан кетпейтіндігіне сенімді. Аргентиналық футболшы 32 жасқа келсе де әлі күнге дейін қауқарынан қайтқан жоқ әрі әлемдегі үздік ойыншылардың бірі саналады. 

Ағымдағы маусымда Месси жарақатына байланысты бірде бір ойынға қатыса алмаған еді.


0 Пікір Кіру